Әйел ер адамдарға ызаланып мұртын қырмай қойған
Данияляқ әйел ерлерге ерегесіп, мұртын қырудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат тагенттігі.
Копенгаген қаласының тұрғыны Эльдина Джаганжак қоғамның сұлулық стандартарына сай болудан шаршағанын айтады. Сөзінше, әйелдердің өздерінің бетін күтуге сонша уақыт жұмсау керектігі әділетсіздік.
«Біз қоғамның қалыптасқан заңдарына сәйкес келу үшін алтын уақытымызды құртуымыз керек дегенмен келіспеймін. Ерлер қастарын жұлмай, сақал өсірсе де, оларға ешкім ешнәрсе айтпайды. Ал әйелдер болса, жаттығу залына бару үшін бет тұрмақ, аяғының түгіне дейін қырып шығуы тиіс. Бұл не деген әділетсіздік?» — дейді 31 жастағы келіншек.
Осыған байланысты ол өткен жылдан бастап мұртын қырудан және қасын жұлғызудан бір жолата бас тартқан. Айтуынша, ерлер оның бұл түрін көріп, мазақ ететін көіренді. Десек те қалың қасы мен ернінің үстіндегі түктер оны керісінше, өзіне сенімді етіпті.
«Алғашында бөтен адамдардың саусағымен мені көрсетуі біртүрлі болатын. Бірақ кейіннен бәрібір болып кетті. Мен оларды қайтып көрмейін ғой, сондықтан олар үшін көңіл түсірмеймін деп шештім», — дейді Эльдина Джаганжак.