әйел адам құрбысын қызғаныштан бауыздап өлтірді
АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Мәскеудің оңтүстігінде әйел адам құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
©
Sputnik / Табылды Кадырбеков
«Тергеу мәліметі бойынша, 2018 жылы 16 қарашада кешке Мәскеу қаласы Ереванская көшесінде орналасқан үйдегі пәтерде әйел адам қызғаныштан танысының мойнына пышақ салған», — деп хабарлайды ведомство.
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт «не үшін?» деп жылап жіберді
1975 жылы туған әйел алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырыпты.
Қазір тергеушілер күдікті әйелден жауап алып жатыр, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы түгел анықталатын болады.
Үйлену тойына келген қонаққа пышақ салып, маңдайына оқ атқан