Әйел адам күйеуінің жыланын омырауымен емізуге мәжбүр болды

0
Әйел адам күйеуінің жыланын омырауымен емізуге мәжбүр болды


Кения тұрғыны жыландармен бір үйде тұрып, омырауымен емізгенін мәлімдеді.

Кенияда тұратын әйел бұрынғы күйеуі жыландарды омырауымен емізуге мәжбүрлегенін мәлімдеді. Ол күйеуге шығып, үйіне көшіп барғанға дейін сүйген жігітің туыстары жылан ұстайтынын білмеген.

«Олардың үйіне барғанымда, қонақтар келгенше күтіп, оларды көрген соң қашып кетпе деді. Мен тып-тыныш отыра бердім, қонақ дегені жылан екенін мүлдем ойламаппын», — дейді әйел.

Оның айтуынша, бөлмеге кірген жыландардың бірі омырау сүтін ішпек болған. 

«Бұл оқиға мен өз баламды емізіп отырғанда болды. Ақыры сол үйден қашып құтылдым», — дейді әйел адам.

Бірақ жыландардан құтылу оңай болмаған, күйеуінің туыстары бауырымен жорғалаушыларға қантсыз ботқа беріп, тұрақты қоректендіруге міндеттепті. Ақыры әйел күйеуінен ажырасып тынады. Бірақ ажырасу себебі жыландар емес, баланы баққысы келмеген күйеуінің жауапсыздығы болған.

Дереккөз: sputniknews.kz