“Айдоспен белгісіз біреу арасындағы қақтығыс” — Сәбит Рысбаев Киевтегі журналистің оқиғасына қатысты пікір білдірді

0

Қаржы сарапшысы, қоғам қайраткері Сәбит Рысбаев facebook парақшасында Айдос Садықовтың оқиғасына қатысты жазба қалдырды. Ол бұл туралы “Bilgen durys”youtube-арнасына берген сұхбатында да өз ойларымен бөліскен еді.

“Осыдан он жыл бұрын еліміздегі саяси себептермен Украина еліне көшкен Садықовтар отбасы естеріңізде болар.Өткенде Киевқаласында Айдос Садықовты үйінің жанында белгісіз біреулер атып кетіпті. Елден кеткелі «Бәсе» Ютуб каналының авторы және әр мемлекеттің саяси жаңалықтарын белсене жариялап жүреді. Сол енді Айдос қазір ауруханада ауыр хәлде жатқанын жаңалықтардан көріп жатырмыз. Қазір Украина полициясы Садыковтар отбасына күзет те қойыпты. Өткенде Ақорда ресми түрде Киевпен байланыс жасап, кінәлілерді тауып, тергеуге көмектесуге Қазақстанның ресми органдары дайын екенін жеткізіпті.

Меніңше Айдосқа жасалған қастандықты спецслужба ұйымдастырды деуге келмейтін сияқты. Олай жасау өзге елдің тұтастығына нұқсан келтіреді. Кезінде Қырғызстаннан Түркия Гүленші деп өз азаматын алып кетпек болғанда қырғыз бауырлар қалай шулаған еді. Украиндер оңай ел емес.

Халық тығыз жүретін жерде келіншегікөзінше атып кеткеніне қарағанда Айдоспен белгісіз біреудің арасындағы разборка. Болмаса Қазақстанды жығып бергісі келген провакаторлардың тірлігі деп секілді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевта Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа көз жұмып қарап отырған жоқ. Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма берді. Ендігі кезек Украина ІІМ тарапынан жауап. Айдос Садықов жерлесіміз тезірек сауығып кетсін дейміз” — деді қоғам белсендісі.