Айдос Сарым жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату туралы ойын айтты

0

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жұмыс істейтін зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату туралы бастаманы сынады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл шара еңбек ету және әлеуметтік қамсыздандыру құқығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді. Айта кетейік, зейнетке шығу өлім жазасы емес. Әрбір Қазақстан азаматы зейнеткерлік жасқа жеткенде де адал еңбек етуге құқылы, әйтпесе, кәсіби мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа да санаттағы мамандардың тапшылығына байланысты мәселелерді қалай шешуге болады?» — деді Айдос Сарым.