Домой Жаңалықтар Айдос Сарым депутат мандатынан айырылуы мүмкін

Айдос Сарым депутат мандатынан айырылуы мүмкін

0
2748

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаевқа «балабол», «пацан» деп айыптаған мәжіліс депутаты Айдос Сарымның мәселесі әдеп кеңесінде қаралып, депутат мандатынан айырлуы мүмкін.

Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналисттерге берген сұхбатында айтты.

— Өкінішке қарай, ол бейневидеоны көрмедім. Бірақ қарап шығамын. Егер қажеттілік болып жатса, бұл мәселені әдеп кеңесінде көтеріп, қарауға болады, — деді Ерлан Қошанов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев айтысып жатқанын жазғанбыз. Алғашқысы, саясаттанушыны «балабол» десе, Сәтпаев «саяси ұстанымын ауыстырудың шебері» деп жауап қайтарды.