Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды

0

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.

Айта кетейік, Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған. Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін (1992) зооинженер мамандығы бойынша; М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін (2006) «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1983 жылдан — Солтүстік Қазақстан бухгалтерлер мектебінің оқушысы (Петропавл қаласы).

1984 жылдың тамызынан — Калинин атындағы кеңшардың есепшісі (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы).

1984 жылдың қазанынан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1987 жылдан — Омбы ауыл шаруашылығы институтының студенті.

1992 жылдан — Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры (Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Надежка ауылы). 1995 жылдан — «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры (Петропавл қаласы).

2003 жылдан — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, 2005 жылдан — бірінші орынбасары (Петропавл қаласы). 2006 жылдың наурызынан — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы, 2006 жылдың қыркүйегінен — облыстық аймақтық инспекциясының бастығы (Петропавл қаласы). 2006 жылдың қарашасынан — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008 жылдан — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.

2010 жылдың сәуірінен бері — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов болған.