Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан «Люксембург кубогінде» күміс иеленді

0
Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан «Люксембург кубогінде» күміс иеленді


22-23 желтоқсан күндері көркем гимнастикадан «Люксембург кубогі» халықаралық турнирі өтті. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, аталған сынға Қазақстан атынан Айдана Сарыбай мен Даяна Әбдірбекова қатысқан болатын. Көпсайыс нәтижесі бойынша, Айдана Сарыбай екінші орын иеленді. Ол доп жаттығуымен 1-ші орыннан көрінсе, таспамен жаттығуда үздік төрттікке енген.

Азиада чемпионы Даяна Әбдірбекова көпсайыста 4-ші орын алды. Даяна шығыршықпен және ұршықпен жаттығуда финалға жетіп, екеуінде де төрттіктен көрінген.