«Айдалаға апарып, басыма қару тақады»: Үш қыздың туған анасы отбасынан неге кеткенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында үш қыздың оқиғасы ел аузында қызу талқыда. Оқиғаға қатысты түрлі деректер айтылып, істің беті ашыла батады. Осы ретте заңгер Айгүл Орынбек үш қыздың туған анасымен тілдесті.

"Айдалаға апарып, басыма қару тақады": Үш қыздың туған анасы отбасынан неге кеткенін айтты

Сурет: «Еуразия бірінші арнасы»/ скриншот

Айгүл Орынбек Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, үш қыздың анасымен сөйлесті. Қыздардың анасы отбасынан не себепті кеткенін баяндап берді.

«Мен өз отбасымнан өз еркіммен кеткен жоқпын. Күйеуім екеуміз 2002 жылы үйленгенбіз. 4 жылдан соң ол теріс салафиттік ағымға кіре бастады. Сақалдылар жұма сайын үйге жиналатын. Мені қыздарыммен бірге бөлемге қамап қоятын. Барлық ісіме көңілі толмады. Ұрып-соға бастады. Қыздарына да қол көтеретін болған. Мені айдалаға апарып, басына қару кезеніп қорқытты. Мен қыздарымды тастаған жоқпын, мені үйден қуып шықты. Кетуге мәжбүр болдым. Туыстарымды өзі секілді сақалдылармен атып кететінін айтты», — дейді қыздардың анасы. 

stan.kz