Аяжан Еділова? Адам ағзасын пакетпен екінші адамға салған дәрігер көрмедім — сарапшы

0

Azattyq Rýhy тілшісі «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» директоры Әділ Жұмағалиевпен ағза донорлығы туралы сұхбаттасты. Маман Аяжан Еділованың өлімі туралы да айтты.

«Қара нарықта» адам ағзасын саудалайды деген әңгімеден соң көп кісілер мәйіт доноры болудан бас тартып, қашады. Адам ағзасын алу — қиын процесс.

Жақында қайтыс болған Аяжан Еділованың өліміне кінәлі жігіттің медициналық білімі болғандықтан, трансплантацияға қатысы бар екен деген қауесет тарады. Ондай болуы мүмкін емес.

Біріншіден, әлі күнге дейін адам ағзасын пакетке салып алып, екінші бір адамға салған бірде-бір дәрігер көрмедім. Өйткені, ол өте қиын процесс және оған көп адам қатысады. Операция барысында бүтін бір бриагада жұмыс істейді.

Донордан алынған ағза арнайы температурада сақталады. Мәйіт донорларының ағзаларын сақтау үшін микродоза, түрлі дәрілер арқылы қорғайды. Осының бәрі протокол бойынша жүзеге асады. Одан бөлек, ағзаны науқастың денесіне тез арада қондыру керек. Сондықтан ол жерде адам ағзасын саудалауға қатысы бар деу бос сөз» деді Әділ Жұмағалиев