Аялдамада тұрып жұмыс табуға болады

0
27 Желтоқсан 2018, 20:50 86 0

Астана, BAQ.KZ. Астанада екі функцияны біріктірген тақта пайда болды. Онда автобустың келу уақыты мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Электронды тақтаны «Астана Innovations» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ «Капиталды тұрақты дамыту орталығы» ЖШС және IDC ЖШС-мен бірігіп, «Жастар» шағын ауданындағы аялдамаға орнатты.

Dashboard пилоттық режимде жұмыс істейді. Бұл тақтаға тек автобус қозғалысы ғана жазылмайды. Әрбір жұмыс іздеуші бос жұмыс орнын табуға мүмкіндік алады. Бұл қосымша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және enbek.kz порталымен біріктірілген.

«Бұл – қазақстандық өнім. Мұнда маршрут қозғалысының уақыты көрсетіліп қана қоймай, бос жұмыс орындары туралы біле аласыз. Бұл ақпарат автоматты түрде жаңартылып отырады. Жүйе enbek.kz порталына байланған», – деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ