Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

0
52

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жігіт аялдамадағы қызға сөзбен тиіскен. Болған оқиғадан соң қыз достарын шақырған. Олар қызбен бірге жігітті соққыға жыққан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты жігіт қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

«20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған», – деп жазылған хабарламады.

Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.



sputniknews.kz