«Аякс» бірінші матчта «Тоттенхэмді» жеңді

0
106

Голландияның «Аякс» футбол командасы Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында Англияның «Тоттенхэм» клубын 1:0 есебімен жеңді. Матч 29 сәуірде (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 30 сәуір түнде) Лондонда өтті.

Ойындағы жалғыз голды 15-минутта голландиялық Донни ван де Бек салды. Екі команда арасындағы қарымта матч 8 мамырда Амстердамда өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының финалына шығады.

Тағы бір жартылай финал матчында испаниялық «Барселона» мен англиялық «Ливерпуль» командасы ойнайды. Бұл клубтар арасындағы алғашқы матч 1 мамыр Барселонада, қарымта ойын 9 мамыр Ливерпульде өтеді.

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридте (Испания) болады. Былтыр бұл жарысты мадридтік «Реал» командасы жеңген. Биыл «Реал» 1/8 финалда «Аякс» командасынан жеңілді.

Чемпиондар лигасы – UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдердің клубтары қатысатын ең ірі футбол жарыстарының бірі. Коммерциялық жарысқа UEFA ұйымына мүше елдердің чемпионатында жеңген және жүлде алған командалар қатысады.

Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Бірінші матч

«Тоттенхэм» (Англия) – «Аякс» (Голландия) – 0:1 (0:1)

Гол: Донни ван де Бек, 15 минут

«Тоттенхэм»: Ллорис, Алдервейрелд, Санчес, Фертонген (Сиссоко, 39), Триппьер (Фойт, 80), Эриксен, Ваньяма, Роуз (Дэйвис, 79), Алли, Льоренте, Лукас Моура.

«Аякс»: Онана, Фелтман, Блинд, де Лигт, Тальяфико, ван де Бек, Шене (Мазрауи, 65), де Йонг, Зиех (Хюнтелар, 87), Тадич, Нерес.

Ескерту алғандар: Тальяфико, 30. Фелтман, 63.

Төреші: Матеу Лаос (Испания).

30 сәуір. Лондон. «Тоттенхэм Хотспур» стадионы

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз