Аякөз сотындағы заңсыздық: Қорғаушы Тоқаевқа үндеу жасады (видео)

0

2020 жылдың қыркүйек айында Аягөз қаласының әкімі Қуаныш Азыхановқа пара алды деген айып тағылды. Аягөз қаласының әкімі қалаға 24 нысан (спорт алаңдары мен балалар алаңы) салады. Осыған байланысты Азыхановқа 8 миллион айыппұл салынады.

Досы қарызға берген 1 миллион 200 мың теңгені пара бердім деп арыз жазып, содан бері сот процесі жүруде. Әкімге қарсы тергеу жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің тергеушісі Ерденбековтың өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Судья Мергенбаев істен шеттетілді.

Аягөз аудандық сотында болып жатқан заңсыздықтар туралы дабыл қаққан әкімнің қызы әрі қоғамдық қорғаушысы Айнұр Азыханова президент Тоқаевқа бейне үндеу жасады.