«Аяғы талтайып, денесі көгеріп кеткенін көрдім»: Шымкентте жақындары 4 жасар қыздың зорланғанына сенімді — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте 3 жастағы қыздың денесі табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, оны әуелі зорлап, кейін айуандықпен өлтірді деген күдік бар.  Қыз баланың туысқандарының сөзінше,  қыз баланың денесінің сау-тамтығы қалмаған, тіпті ішкі киім де болмапты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға Шымкенттің қылмыс көп жасалатын атышулы ықшам ауданындағы ескі гараждардың бірінде болған. Үйдің ауласында алаңсыз ойнап жүрген Кәусар бірнеше сағатқа қараусыз қалып, ізім-ғайым жоғалған. Ең бірінші қызының жоқтығын анасы байқаған. Базардан келген ол, бірден оны іздеуге шығады. Әбден зәре-құты қашқан бауырлары, хабар болмаған соң, құзырлы органдардың көмегіне жүгінеді. Алайда тек бірнеше сағаттан кейін жатақханадан небәрі бірнеше адым жерде  бүлдіршіннің өлі денесін нағашы ағасы тауып алады.

«Гороховый көйлек кигізіп, сол көкірегінде тұр. Ішінде киім жоқ, тапачкасы жоқ, қолында тарағы жоқ. Мынаның бәрі қан ғой. Денесінің бәрі қан ғой.Іш киімі бәрін полиция қызметкері тауып берді. Сол жерден жаман үйден тапты. Қызымның соңғы сөзі, демі «Уф» деді ініме қарап, болды! Басқа еш бәле айтпаған!»», — дейді анасы. 

Бүлдіршіннің туысқандарының сөзінше, Кәусәрді тапқан кезінде көйлегі көкірегіне дейін ашық-шашық болған. Одан бөлек, үсті қан-қан күйі жатқан. Денесінің сау-тамтығы қалмай, көгеріп кеткен. Осы фактілерді негізге ала отырып, бүлдіршіннің туысқандары сәбиді айуандықпен, азаптап өлтіргеніне сенімді. Өйткені мәйітханадан оның денесін тігіп тастап, қолдарына табыстапты.

«Әр рядты көргенім сол еді, сұстиып шалқасынан жатыр. Сол кезде тұрмын не істерімді білмей, қасына келсем, басы бергі жағында, аяғы арғы жағында, аяғы талтайып кеткен. Бұтында іш киімі жоқ. Көйлегін көкірегіне дейін көтеріп тастаған.  Екі аяғы көгеріп кеткен. Бет-аузының бәрі көгеріп кеткен. Ес-түсін білмейді. Не істерімді білмей, мен шокта тұрдым», — дейді туысы Айжарқын Айтпаева.

Баланың денесі табылған ескі гараждар ешкімнің қарауысынсыз, қаңырап бос жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Тіпті, жергілікті қаңғыбастар, нашақор мен арақ құмарлардың негізгі мекеніне айналып үлгеріпті. Қыздың анасының сөзінше, бұған дейін де 7 және 8 жастағы оқушы қыздарды да дәл осы жерде зорлап кеткен.

«Былтыр да осы ай уақытта болды. Үш жыл болды қыздар зорланғанына алдынғысы 8, одан 7, биылғысы 4 жасар қыз. Үш жылда үш қыз зорланды. Сегіз жасар өлді. Күдікті ретінде Дима деген жігітті ұстап отыр», — дейді анасы бұлдіршін анасы.

Ал қалалық ішкі істер департаменті қыз баланың зорланғанын жоққа шығаруда. Өйткені, оның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, үш жасар бүлдіршін қараусыз қалған нысанда биіктен құлап, өз құсығанан тұншығып қалған көрінеді

Сараптаманың алдын-ала қорытындысы бойынша, жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде «құсу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. 

Алайда мұндай сараптамамен қыздың туғандары мүлдем келіспейді. Сондықтан да, жоғарғы лауазымды тұлғалар оқиғаны жіті назарына алса екен дейді. Ал қиналып, ауыр азапта көз жұмған балақай 1 айдан кейін 4 жасқа толар еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің өлі денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

stan.kz