Аягөзде тағы бір әскери қызметкер көз жұмды

0

Аягөздегі 10810 әскери бөлімінде жоғарғы оқу орынын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.

Ол Қызылордада университетте оқып, әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған.

Айта кетейік, 10810 әскери бөлімі  Аягөз қаласында орналасқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

фото: ашықдереккөз