“Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп келеді” — Дәулет Мұқаев
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ата-аналарға үндеу жолдап, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kzмедиа порталына сілтеме жасап.
Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусін сынды жануарларға еліктеп, солардың күйін кешуде. Олар тіпті маяулайды, үреді, ұлиды. Ол аздай, жануарлардың тамағына дейін жейді.
Шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеп, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша адамдар адамшылыққа емес, нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы ауру жасөспірімдердің арасында белең алып жатыр.
Депутаттың айтуынша, бұл — субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр.
«Балаларыңыздың жануарға айналуы әрине қорқынышты, ақылға қонымсыз нәрсе. Дегенмен бұл қоғам үшін қауіпті дерт. Оның алдын алуға ат салыспасақ, ертең ұрпақтың тамырына балта шауып алуымыз мүмкін. Керек болса, біздің тарапымыздан тиісті заң шығаруға дайынбыз. Сондықтан ата-аналар балаларыңызбен сөйлесіңіздер. Президент үнемі айтады, қоғамда заң мен тәртіп бірінші орында тұруы керек, сондықтан барынша сақ болыңыздар», — дейді депутат үндеуінде.
фото: Azattyq-ruhy.kz