Air India ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды – Ел жаңалықтары

0
157

Air India ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана уаықтымен таңғы 07:30-да «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына Дели – Чикаго бағытымен ұшып бара жатқан Air India әуекомпаниясының әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі – ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген (астма диагнозы)», – делінген таратылған хабарламада.

 Әйел адамды екі туысының сүйемелдеуімен қалалық № 2 ауруханасына жеткізді. Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған.

«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті. Әуе кемесі Астана әуежайынан 12:03-те Чикагоға ұшып кетті.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz