Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты

0

Air Astana әуекомпаниясы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ресейге ұшатын барлық рейстердің тоқтатылғанын хабарлады. «Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтататынын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Әуекомпания жолаушыларға кез келген сұрақпен төмендегі нөмірлерге хабарласуға болатынын еске салды:

+7 727 244 4477 (08.00 — 00.00),

+7 7172 584477 (08.00 — 00.00),

+7 702 702 4477 (08.00 — 00.00)

WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 — 20.00)

Online chat: airastana.com (24/7) help.airastana.com Ресейдегі байланыс нөмірлері:

+7 (495) 287 70 08/09

+7 (495) 363-50-40 +7 985 232 04 36