Air Astana аспанның «Құдайы» болып алды – Жаңбыршин
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бүгінде Air Astana компаниясы аспанның «Құдайы» болып алғанын, кәсіпорынның жұмысын тексеруді ұсынды.
Air Astana аспанның «Құдайы» болып алған. Барлық билеттің (бағасы Жаңа жыл) жақындағанда көтеріледі. Арақашықтық деген бос әңгіме. Билеттің (бағасы) қалай көтеріледі? Ол жақындағанда көтерілмеуі керек, керісінше билеттің (бағасы Жаңа жыл) жақындағанда түсуі керек. Себебі, билетті тез өткізу керек. Олар керісінше жұмыс істейді. Air Astana-ның мәселесін май шаммен қарау керек. Фостер мырза (Air Astana президенті Питер Фостер), сіз шаңыраққа қараңыз? Сіз осы мемлекеттің заңына бағынуыңыз керек, — деді Еділ Жаңбыршин Мәжілістегі Үкімет сағатында.
фото: МИА «Казинформ»