Air Astana Ақтөбеге ұшатын рейстерді тоқтатады

0

Бұл қаладағы әуежайдың жабылуымен байланысты. Air Astana әуе компаниясы биыл 17 наурыздан 17 сәуірге дейін Ақтөбеге ұшатын барлық рейсті тоқтатады, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаладағы әуежайдың жабылуына байланысты Ақтөбе ұшатын рейстер биыл 17 наурыздан 17 сәуірге дейін тоқтатылды, — деп жазылған әуе компаниясы таратқан хабарламада. 2022 жылғы 31 мамырға дейін жолаушылар рейстерге билеттерді тегін қайта брондап, сатып алынған жеріне билікетті өткізе алады.

(Фото http://Inbusiness.kz  сайтынан алынды)