АХҚО Орталық және Шығыс Еуропа елдері банктік қадағалау органдары тобына кірді
Астана, BAQ.KZ. Абу Даби қаласында банктік қадағалау жөніндегі Базель Комитетінің халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Жиында АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті аймақтық тобының Орталық және Шығыс Еуропа елдері банктік қадағалау органдары тобына (BSCEE) кірді.
АХҚО Комитеті BSCEE-ге мүшелікке кіре отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласын Базель комитеті стандарттарына сәйкес келтіруге септігін тигізеді.
BSCEE мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығайуына Базель стандарттары мен негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында ықпал жасап, банктік қадағалау саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, топ техникалық сипаттамаға қатысты мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейдегі алаң болып, зерттеу, оқыту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
BSCEE-ке мүшелікке кіру АХҚО-да банктік қызметтердің сенімді нарығын қалыптастыруда үлкен маңызға ие екені сөзсіз. Банк саласы АХҚО-ның аймақтық қаржы хабына айналу жолында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, банк секторы экономикалық өсімді ынталандыруда және даму мақсатында капитал ағымын қамтамасыз етуде, қаржы ресурстарын тартуда өте маңызды.
«Біз BSCEE құрамына кіргенімізге ризамыз. АХҚО Комитетінің BSCEE қауымдастығына мүшелігі АХҚО-ның даму тарихында үлкен маңыз береді. Банк секторы АХҚО-ның жоғары деңгейдегі басымдылықтарының бірі ретінде қарастырылады, ал BSCEE мүшелерімен әріптестікті бастау АХҚО-ның қаржы хабы ретінде қалыптасуына өз септігін тигізеді», — деді АХҚО Комитеті бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ