Ахметбеков тіл сынағынан өтті

0

Сәуірдің 27-сі күні орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан коммунистік халық партиясы» ұсынған үміткер Жамбыл Ахметбековтің мемлекеттік тіл сынағынан өткенін хабарлады. Тіл комиссиясы Ахметбеков қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім шығарды.

Үміткер «Рухани жаңғыру» тақырыбында шығарма жазған. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романынан үзінді оқыған. «Ел бірлігі — елдіктің арқауы» тақырыбында 15 минут сөйлеген.

27 сәуірде ОСК-ға құжаттарын тапсырған «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов тіл сынағын 29 сәуір тапсырады. Ал «Қазақстанның құрылысшылар одағы» кандидаты Ерғалиевтің тіл сынағын қашан тапсыратыны хабарланбады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі:

Azattyq