Ахметбек Нұрсила: «Арсыздықтарына шек жоқ-ау»

0

Тергеу изоляторында азаптау болған жоқ, бәрі жалған. Ішкі істер министрлігі өздеріне қарша бораған соңғы ақпараттарға қатысты осылай деп жауап қайырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

Сөздерінше, бәзбіреулер тергеудің абыройына нұқсан келтірмек. Ал дене жарақатын күдіктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде алған. Бүгінгі таңда Таразда бір ғана адам ауруханада жатыр.

Алайда, изолятордағы жағдайды көзімен көрген комиссия мүшелерінің айтары басқа. Ал енді кімге сенеміз?

Қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила болса желіде мынадай пікір білдірді: «Арсыздықтарына шек жоқ ау».