Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды

0

Бұл – «Әдебиет танытқыштың» соңғы беттері. Осы жаңалық туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер аталмыш еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді, деп жазады Kznews.kz  «Айқын» газетіне сілтеме жасап.

— Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет таныт­қышының» соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым.

Ғалымның сөзінше, жоғалған парақтар саны – екеу. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта «Айтыс-тартысқа» жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған.

Бүгінде осы бір нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген.