Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер – Қазақстан жаңалықтары

0

Елжан Біртанов – Есжан Біртанов, Марат Бекетаев – Руслан Бекетаев. Осылай тізбелей берсек, қазіргі үкіметте отырған министрлер мен ұлттық компаниялардағы топ-менеджерлер арасында фамилиялары немесе әкелерінің аты сәйкес келетін тұлғалар аз емес. 

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев екеуін де әріптестері Мәшбекұлы деп атап жүр. 

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың інісі Есжан Біртанов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінде.

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың інісі Мәди Атамқұлов президент протоколына жетекшілік етеді.

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бауыры Арман Сұлтанов басынан дау арылмай жүрген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында атқарушы директор болып қызмет етеді. 

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

Әділет министрі Марат Бекетаевтың ағасы Руслан Бекетаев қаржы министрінің орынбасары қызметін атқаруда.

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

Ал бас прокурор Марат Ахметжановтың інісі Әнуар Ахметжанов – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

Ағасы бардың жағасы бар: Шенеуніктер арасындағы ағайындылар кімдер

31 арна тілшісінің ағайындылардың қызметіне қатысты қойған сұрағына жауап берген Әнуар Ахметжанов бас прокурор қызметін атқаратын ағасымен арасында қызмет бойынша қарым-қатынас жоқ екенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз әртүрлі салада жұмыс істеп жатырмыз. Ол құқық қорғау саласында, мен мемлекеттік қызметте жұмыс істейміз. Біздің арамызда жұмыс арқылы ешқандай қарым-қатынас жоқ», – дейді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Әнуар Ахметжанов.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз