«Ағамыздың әруағынан ұялып отырмын»: Талғат Рысқұлбеков қызын мектепке орамалмен кіргізбесе Шешенстанға кететінін мәлімдеді

0

Желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбековтың інісі Талғат Рысқұлбеков мектепке қызын орамалмен апарамын деген талап қойды. Сонымен бірге егер талабы орындалмаса, Шешенстанға көшетінін мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Талғат Рысқұлбеков бұл ойын желіде видеоүндеу жасап, мәлімдеді. Айтуынша, ол 1 қыркүйек күні қызын мектепке орамалмен ертіп барады. Ал егер мектеп әкімшілігі оның қызын мектепке кіргізбесе, ол елден кетіп, Шешенстанға қоныс аударатынын жайып салды.

Көпшілікке Рысқұлбековтың бұл әрекеті ұнамаған. Олар Қайрат Рысқұлбековтың аруағынан қорықпай, қалайша мұндай әрекетке барып жатыр деп, сынға алды.

«Ағамыздың әруағынан ұялып отырмын, інісі үшін», «Заң бәріне ортақ, не деп отырсың?», «Хиджаб үшін кетсең кете бер. Отан деген сөздің мағнасын түсінбейтін адам екенсің» деп жазды олар.