ағалы-інілі балалардың неден уланғаны айтылды

0
65

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мамандар Шымкенттегі ағалы-інілі балалардың тұшпарадан уланбағанын анықтады. Санитарлық дәрігерлер балалар пропаннан уланғанын айтып отыр

АЛМАТЫ, 10 қараша — Sputnik. Шымкенттегі ағалы-інілі балалар пропаннан улануы мүмкін. Отбасы тоңазытқышындағы барлық азық-түлік пен дүкеннен алынған тұшпараны тексерген санитарлық дәрігерлер осындай болжам жасады.

Санитарлық дәрігерлер балалар тұшпарадан уланды деген болжамды жоққа шығарды. Өнімде зиянды заттар анықталмаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Балалардың анасының айтуынша, бірнеше күн бойы жатақханада жағымсыз иіс болған.

Шымкенттегі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметінің мамандары балалар пропаннан улану мүмкін деген болжам айтты.

«Балалар көміртек тотығының әсерінен ауыр дәрежедегі улану диагнозымен гибербариялық оксигинация орталығына жіберілген болатын. Біз де осы диагноз болды деген ойдамыз. Төрт қабатты жатақхананың бір бөлмесінде бірнеше адам тұрған. Газ өткізілмеген, бәрінде пропан тұр», – деді департамент жетекшісінің орынбасары Алмат Қосалиев.

Оның айтуынша, токсикоинфекция (микроорганизм және олардың токсині бар азық – түліктен болатын инфекция) деген болжам бірден жоққа шығарылған.

Әйел екі баласымен жұқпалы аурулар ауруханасына 3 қараша күні түсті. Балалардың іші ауырып, құса берген.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды

Ем белгіленгенімен, балалардың жағдайы нашарлай түсіпті. Салдарынан төрт жастағы және он бір айлық бала шетінеп кетті. Қыздың жағдайы тұрақты.



sputniknews.kz