«Ағайынның Қайраты». Жұлдыз Әбдукәрімованың Қайрат Нұртасқа айтқан тілегі желіні шулатты
Танымал әнші Қайрат Нұртас жаңа жасын Алматыда, ата-анасы мен бауырларымен бірге қарсы алды. Әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде құттықтап, тілегін жазды. Актриса Қайрат Нұртасқа балалары үшін әрдайым мақтаныш болуды тілеген.
“Халықтың, сахнаның, ағайынның Қайраты, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолда адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын! Тыңдарманның қошеметі кемімесін! Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың жанында әйелі мен балалары болмағанын талқылап жатыр.
«Құтты болсын! Бір салқындық бар тілекте реніш», «Сүйе ме, сүймей ме? Менің Қайратым дей ме, демей ме?», «Пышақсыз сойған екенсіз! Қайраттысың, қайсарсың Жұлдыз!», «Сүймесе де сыйлайды екен. Қалған сыйластықтан Алла айырмасын», «Қайрат жылда туған күнін жалғыз қарсы алады», — деп жазды желі қолданушылары.
ақпарат: Smartnews.kz