«Ағайынды мұсылман бауырлар» ұйымының алты мүшесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

0

Мысыр соты «Ағайынды мұсылман бауырлар» тобының алты мүшесін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Өлім жазасына кесілгендердің арасында ұйым басшысы Мұхаммед Бедии және оның орынбасары Хайрат аш-Башыр да бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы демократиялық жолмен президент атанған Мұхаммед Мурсиді әскери төңкеріс жасап тақтан құлатпақшы болған «Ағайынды мұсылман бауырлар» тобының әрекеті сәтсіз болған. Ұзақ жылға созылған сот үкімі шығып, ұйымның алты мүшесіне тағылған айып толығымен күшіне енетін болады.

«The Qazaq Times»