Домой Жаңалықтар Африкалық ел AstraZeneca вакцинасының 20 млн жуық дозасын өртеді

Африкалық ел AstraZeneca вакцинасының 20 млн жуық дозасын өртеді

0
302

Малавиде «АстраЗенека»-ның 19 мың 610 дозасы жойылды. Себебі олардың жарамдылық мерзімі 18 күнге асып кеткен.

Негізі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Африкалық одақ «аталған вакциналарды шілде айының ортасына дейін қолдануға болады» деп қауіпсіздігіне кепілдік берген. Наурызда бұл елге 102 мың доза екпе жеткізілген.

Бұған дейін оның 80 процентке жуығы тұрғындарға салыныпты. Тағы бір африкалық мемлекет Оңтүстік Судан да жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 59 мың доза препаратты қолданудан бас тартқан.

Кумбизе Кандодо Чипонда, Малави денсаулық сақтау министрі:

— Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де вакцинаны қолдана аласыздар деді. Бірақ біз жарамсыз екпелерді салмауға шешім қабылдадық, себебі бұл біздің үкіметтің саясатына қарсы келеді.