Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді

0
212

 

Пілдің кіп-кішкентай баласы құстармен ойнап, жүгіріп жүр. Бұл көрініс жүректі елжіретеді әрі жақсы көңіл күй сыйлайды.

Жануар бұзықтық жасағысы келген кішкентай бала сияқты құстардың соңынан қуалап әлек.

Ол құлақтарын ерекше қимылдатады, осылайша өзі де ұшып кететіндей көрінеді.

Ал құстар бұған қуанғандай, пілмен бірге ойнап жүр.

Бұл видеоны Африкада жүрген туристер түсіріп алған екен. Қазір аталған бейнеролик бүкіл әлемдегі интернет қолданушылардың көңілінен шығуда.

 

sputniknews.kz