Африкада ең жылдам жүрдек пойыз іске қосылды

0
Африкада ең жылдам жүрдек пойыз іске қосылды


Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макрон мен Марокко королі Мохаммед VI Касабланка мен Танжер арасында жүретін алғашқы жоғары жылдамдықтағы пойызды іске қосты.

Касабланка мен Танжер арасындағы қашықтық — шамамен 340 шақырым.

Макрон мен Мұхаммед Танжерден ел астанасы Рабатқа барады. Сапар небәрі бір сағат 15 минутқа созылды. Ол бұрынғыдан екі есе аз уақыт. Ал қазір Касабланкаға дейін шамамен екі сағат кетеді.

Бұл Африка аймағындағы тұңғыш, өте маңызды коммерциялық және өнеркәсіптік жоба. Ол Мароккоға жоғары жылдамдықтағы пойыздар технологиясын игеруге мүмкіндік береді, — деді Марокко премьер-министрі Саад Эддин Эль-Отмани.

Пойыз сағатына 320 километр жылдамдықпен жүреді, бірақ 360-ға дейін жетуі мүмкін. Темір жол желісінің құрылысы жеті жылды құрады және шамамен 23 млрд. дирхамға жуық қаржы жұмсалды.

Марокко Франциядан жоғары жылдамдықты 12 екі қабатты пойызды сатып алды. Жаңа жол торабы жылына алты миллион жолаушыға қызмет көрсетеді деп күтілуде.