Африкада демалып келген әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Қысқа сілтеме алу
Дәрігерлер бастапқыда басын жәндік шаққан болар деп ойлаған
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны басының ауыратынын айтып ауруханаға барады. Кейін сол жерде басының терісінің астында құрттар жүргені белгілі болады. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Әйел жақын күндері Угандаға барып, сол жерде демалып қайтқан. Кейін басының маңдай тұсы ісініп, ауруханаға түседі. Дәрігерлер улы жәндіктер шаққан болар деп болжап, антибиотиктер ішкізіп, үйіне жібереді. Алайда араға үш күн салып әйел тағы да дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Себебі, басы қатты ауырып, ісік ұлғая түскен.
Дәрігерлер әйелді тексере келе басында екі құрт жүргенін анықтайды. Оны алып тастағанымен, ультрадыбыстық сканерлеу кезінде шашының түбінде тағы бір құрт қалып қойғаны белгілі болады.
Әйел Угандада жүрген кезде басын орамалмен жауып жүрген. Сол орамалда шыбынның дернәсілі қалып қойған. Олар әйелдің басына терісіндегі жара арқылы кірген болуы мүмкін.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/