Африка елдерінің қазақстандық балаларды асырап алуына қатысты ақпаратқа ҚР СІМ түсініктеме берді

0

Сенатор Дархан Қыдырәлі жүзден астам қазақстандық баланы Африка елдерінің азаматтары асырап алғанын айтқан еді. Алайда ҚР СІМ өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Мен сондай-ақ «қазақ балалары бірнеше экзотикалық елдерде асырап алынды» деген ақпаратты оқыдым. Бұл дұрыс емес. Өйткені бізде тоқсаныншы жылдары балаларды тек батыс елдерінің өкілдеріне беру талабы болған. Мұндай елдерге (Африка елдеріне) біз балаларды бермейміз. Ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Бізде бар ақпаратқа сәйкес, біз Африка елдеріне бала бермедік»,- деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ Смадияров шетелдік азаматтар асырап алған бала 18 жасқа дейін ҚР азаматы болып қала беретінін айтты. Оны арнайы бағдарлама бойынша шетелдегі консулдар бақылайды және көмектеседі. Бірақ 18 жасқа толғаннан кейін ол қай елдің азаматтығын алатынын өзі шешеді.

ақпарат, фото: http://Zakon.kz