Афинадағы шіркеу маңында жарылыс болды — новости Казахстана

0

Грекия астанасы Афина қаласындағы шіркеу маңында жарылыс болып, екі полицей мен бір күзетші жарақат алған деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: Comments.uа

Фото: Comments.uа

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, күзетші шіркеу маңынан күдікті затты көріп, полицейлерді шақырған.

Ал тәртіп сақшылары оны тексеруге ұмтылғанда, жарылыс орын алыпты. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның лаңкестікпен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр.