«Адырна» ұлттық порталының парақшасы кибершабуылға ұшырады
Құрметті оқырмандар! Ұлт мүддесін қорғап, халықтың зар-запыраны мен талап-шағымын ашық айтатын «Адырна» ұлттық порталының инстаграм парақшасы кибершабуылға ұшырады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Адырна» ұлттық порталының халық алдындағы қалтқысыз қызметіне нұқсан келтіріп, ісін ақсатуды көздейтіндер табылды. «Адырнаның» айқын үніне бұғау салмақ болғандар порталдың инстаграм парақшасына шабуыл ұйымдастырып, залал келтірді. Қазір редакциямыз техникалық келеңсіздіктерді реттеп жатыр. Жақсылықтан үміттіміз.
Құрметті оқырман!
Киіз туырлықты, қарға тамырлы қазақ!
«Адырна» ұлттық порталы өзінің ұлт жолындағы қызметінен жаңылмайды. Біздің саясат, мәдениет, рухания және экономикаға және халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты жедеғабыл ақпараттарымызды жаңа парақшамыздан оқи аласыздар!