Адырна — аң-құсты шақыратын да аспап

0
Адырна
Фото: Baribar.kz

Аспапты бұрын әскери жорықта, аң аулағанда, әсіресе, жануарлар мен құстарды шақыру мақсатында қолданған. Мысалы, адырнамен маралдың дауысын салып, бұғыны шақыруға болады. Сондықтан адырнаны маралдың басына ұқсатып жасап, мүйізіне ішек тартқан.

Аспаптың шанағы қуыс болады, ал беті көн терімен қапталады. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін тартып, кейде шертіп ойнайды. Оған шуда жіптен немесе тарамыстан 7-13 ішек тағылады. Аспаптың көлемі – 48-50, қалыңдығы – 8-10 сантиметр.

Қазір адырнаны фольклорлық ән-күйлерді орындағанда қолданады. Д.Шоқпарұлы мен А.Құмаров жасаған адырнаның бірнеше нұсқасы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде сақталып тұр. 1985 жылы құрылған фольклорлық-этнографиялық ансамбльге “Адырна” атауы берілген.

Адырна сияқты музыкалық аспап басқа түркі халықтарында да бар. Алтай жұрты оны “абырға” десе, хакастар “пырғы” деп атайды.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz