Адыраспан, күшәла: «Емдік қасиеттері бар болғанмен толық зерттелмей жатыр» — Қазақстан жаңалықтары

0

Адыраспан мен күшәланың жай шөп емес екенін қазақ халқы ертеден-ақ біліп ем-дом ретінде түрлі аурулардың алдын алған. Stan.kz тілшісі этнографтарға хабарласып, қазақ халқы медицина келгенге дейін қалай аурудан айыққанын және емдік шөптердің біз біле бермейін емдік қасиеттерін сұрап көрді.  

ара

Нұргелді Уәли, тіл ғылымдарының докторы, профессор 

— Адыраспанның емдік көмегі бар. Теріге түрлі жаралар мен аурулар шыққанда адыраспанмен жуындырып жатады. Адыраспанмен үйді аластайды. Оның инфекцияны кетіретін емдік қасиеті бар. Малды да аластап жатады.

Күшәлаға келер болсақ, өте күшті дәрі. Оны беталды қабылдауға болмайды. Өзінің мөлшері бар, сонымен өлшеп ішу керек. Емдік қасиетімен бірге ол улы өсімдік саналады.  

Мәселен, қойдың етіне күшәланы қосып, қасқырды улап өлтіретін болған деген деректер бар. 

Ислам Жеменей:

—  Адыраспан жай шөп емес, тек біздің елде зерттелуі аз болып жатыр. Бізге беймәлім сырлары көп өсімдік. Шет елдік ғалымдар мұндай шөптердің қасиетін біледі және жақсы зерттеп жатыр. 

Адыраспанды зұлым күштерден арылуға көмектеседі деп үйді аластап жатады.  

Адыраспанды түтетіп үйді үш рет айналып шығып, бәле-жаладан аулақ болайық деген сенім бар. Жамандықтан және қара ниетпен келгендердің пиғылы кері кетсін деген мақсатта адыраспанды пайдаланатын едік. Бұл ырым-тиымдарды бала кезімізден көріп өстік. 

Біз адыраспанның қасиетін тек ырымдық деңгейде ғана бағалап отырмыз. Емдік қасиеті жоқ демеймін, соны зерттеп дәлелдей алмай отырмыз. Ол жай шөп емес. 

Күшалә біздің жерде аз кездеседі. Иран елдерінде көбірек өсуі мүмкін. Емдік үшін қолданылады деп естідік, бірақ оны көріп тікелей практикадан өткізген жоқпыз. Өзім оның емдік қасиеттеріне сенемін.

Адыраспан пен күшәла өзіндік емдік қасиеті бар, бірақ олар жеткілікті дәрежеде зеттелмей жатқанын баса айтқым келеді. Арнайы зерттеушілер бөлініп, мемлекет қаржылай қолдау көрсетуі керек.

 

 

stan.kz