Адвокат Жангелді Сүлейменов білім министрлігін сотқа беретінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Жангелді Сүлейменов білім министрлігі шара қолданбаса, сотқа беретінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов оқушыларға еден жуғызуды тоқтатуды талап етті. Тыйым салынбаған жағдайда ол білім және ғылым министрлігін сотқа бермек.

Астананың №80 мектебінде оқушылар еденді өздері жуады деген ақпаратқа жұртшылық әртүрлі пікір білдірді. Біреулер еңбектің пайдасын айтып, бұл идеяны қолдаса, басқалары кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін пайдалану деп айыптады.

«Сонда балаларымыз дезинфекция ерітіндісін өздері әзірлеуі керек пе? Шын мәнісінде балаларға лас шүберектерді ұстатып, шелекке су құйып бермек. Мектеп оқушыларына еден жуғызуды тоқтату үшін шара қолданбаса, білім министрлігін сотқа беремін», – деп жазды Сүлейменов Facebook парақшасында.

Тағы оқыңыз: «Маған қысым көрсетті»: білім министрлігінде тағы да шу шықты

«Еуразия бірінші арнасының» мәліметіне сүйенсек, мектеп кабинеттерін тазалау бастамасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдептілік департаменті көтерген.

Sputnik Қазақстан білім министрілігінен мән-жайды түсіндіруді сұрап, ресми сауал жолдады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз