Әділетсіздік: Жалғас Жұмағұлов UFC-де жеңіліп қалды (ВИДЕО)

0

Жалғас Жұмағұлов әлемнің үздік жекпе-жек лигасы UFC-дегі дебютін 11 шілде күні Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» бразилиялық Раулиан Паиваға қарсы өткізді.

Аталған кеш аясында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов көпткен күткен UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізді. Отандасымыздың қарсыласы 24 жастағы бразилиялық спортшы Раулиан Пайва болды.

«Сарбаздар аралында» өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, бразилиялық спортшы жеңіске жетті. Кездесу соңындағы барлық статистика бойынша Жұмағұлов алда тұрған еді. Бірақ төрешілер ешкім күтпеген шешім шығарып, бразилиялықтың қолын көтерді.

Жекпе-жектің аяқталуына бір минут қалғанда Пайва қазақстандыққа белден төмен соққы жасап, кездесу тоқтатылды. Кездесу жалғасқанда Жұмағұлов тағы бір тейкдаун жасай алды, бірақ төрешілердің шешімі түсініксіз — бразилиялық қарсыласы 29-28 есебімен жеңіске жетті.