«Әділетсіз судьялар тозақ отында жанады» – қырғыз президенті
Әсіресе, ары таза емес адамдар судья қызметіне тағайындалмауы тиіс, – деді ол.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жиэнбеков судьялардың XI-ші съезінде сот жүйесі қызметкерлеріне Құдайдан қорқуға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz КирТАГ-қа сілтеме жасап.
«Жаратқанның алдында бәріміз жауап береміз. Хадисте айтылғандай, соттың үш түрі бар – екеуі тозаққа барады, үшіншісі – жұмаққа. Егер судья әділ шешім шығарса, ол жұмаққа барады. Ал енді шындықты ажыратпай, әділетсіз шешім шығаратын судьяларды о дүниеде тозақ күтіп тұр», – деді Қырғызстан басшысы.
Президент коррупция мен жекелеген судьялар жайында сөз қозғады.
«Біздің судьяларымыздың бәрі жаман демеймін. Бірақ араларыңызда ақша үшін қылмыстың ауырлығына көз жұмып, жазаны жеңілдетіп, қылмыстық әрекеттерді бұрмалайтындар бар», – деді Сооронбай Жиэнбеков.
Жиэнбеков елде судьяларды іріктейтін жаңа кеңес құрылатынын айтты, өйткені қазіргі кеңес өзінің тиімділігін көрсете алмады.
«Кандидаттарды іріктеу тәртібін күшейту керек. Сауатсыз, әсіресе, ары таза емес адамдар судья қызметіне тағайындалмауы тиіс», – деп атап өтті Қырғызстан президенті.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz