«Әділ-қазыларға айтпағыныма ренжіме»: Бағлан Әбдіраймов қызынан кешірім сұрады

0

Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдіраймов қызынан кешірім сұрады, деп жазады kznews.kz сайты.

«Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі!

Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін.

— Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ірік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділ — қазыларға ескертіп айтпағыным үшін, ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын!» — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.