Әдемі кетті: қазақстандықтар Назарбаевтың кететіні туралы жаңалықты қалай қабылдады — Қазақстан жаңалықтары
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесінен кейін қазақстандық ғаламтор қызу талқыға кірісті. «Өсу бойынша жылдамдық: дыбыс жылдамдығы, жарық жылдамдығы, Назарбаев туралы ақпараттың тарау жылдамдығы», — деп пікір білдіруде қолданушылар дүрлікпе туралы, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желіде Жарлыққа қол қойылуын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің туған күніне орай күтпеген тосынсый болғанын жазуда — кеше Байбек 45 жасқа толды.
Жалпы, президенттің соңғы мәлімдемесінің күні мен уақыты, яғни 2019 жылдың 19 наурызы, көптеген қолданушының назарын аударды.
Сондай-ақ, көршілес Қырғызстанның тұрғындарына да сауал жолданды. «Өтініш, кеңес беріңіздерші, президент ауысқан кезде не істеу керек? Әйтпесе біз білмейміз». Оған жауап ретінде ресейліктер: «Неліктен Назарбарев челленджді біздің президентке бермеді?» — деп сұрауда.
Сонымен қатар қазақстандықтар президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынына да әзілмен қарады.
«Одноклассники» желісінде Тоқаевқа қалай жазылуға болады?», «Енді екінші президент күні қашан демаламыз?» — деп әзілдеді қазақстандықтар әлеуметтік желіде.
Весь Казахстан вздрогнул когда узнал имя нового президента pic.twitter.com/wXSfrgJZEt
— kirapigeon (@kirapigeon) March 19, 2019
Ал қазақстандықтардың дені әзілді қойып, президентке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz