“Әдейі істемедім, ренжімесін»: Екатерина Жолбарысова әншінің бірінші әйелінен кешірім сұрады

0

/Smartnews.kz жазуынша, Екатерина Жолбарысова «Менің өмірім» бағдарламасына қонаққа барып, өмірі туралы деректермен бөліскен. Тележүргізуші Айгүл Ысқақтың Сейфуллинмен бас қосуына қатысты сұрақтарына екінші әйелі былай деп жауап берді:

«Ол менен 15 жас үлкен ғой, басында «масқара» деп ойлап жүрдім. Бір жыл қашып жүрдім ол кісіден. Бір жыл бойы артымнан қалмай қойды. Ақырында өзінікіне жетті. Мен де оны жақыннан тани бастағаннан кейін оның харизмасын көріп, ой-өрісін байқадым. Көп кітап оқиды, көп ізденеді. Солай екеуміз тіл табысып кеттік», — дейді.

Екатеринаның айтуынша, әнші екеуі ресми 8 жылдан соң ғана үйленген. «Ресми 8 жылдан кейін үйлендік. Ал таныстығымыздан бір жылдан кейін бірге тұрдық. Басында ажыраспай жүрді, кейін ажырасты. Басында «сіздің отбасыңыз бар, ұят болады, одан аттап өте алмаймын» деп айтып жүрдім. Ол айтты, «біздің отбасымыз бітті, сен болмасаң да, бәрібір ажырасамын. Басқа қызды да аламын» деді», — деп ағынан жарылды Екатерина Жолбарысова. Сондай-ақ ол әншінің бірінші әйелінен кешірім сұрады:

«Ол кісіні көрдім. Ашық сөйлесуге ондай мүмкіндік болмады. Оның орнында басқа әйел болса да, кім болса да, ренжитін еді. Осы кезді пайдаланып, мен ол кісіден кешірім сұрағым келеді. Мұны мен қасақана істеген жоқпын. Маған ренжімесін»,- деді ол.