Әдебиет бағыты бойынша Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

0

2024 жылғы Нобель сыйлығын Оңтүстік Кореядан келген Хан Ган есімді жазушы иеленді.

Бұл туралы Нобель комитетінің хабарламасында айтылған.

Жазушы сыйлықты «Тарихи жарақаттарға қарсы тұратын және адам өмірінің нәзіктігін ашатын бай поэтикалық прозасы үшін» алды.

Хан Сеул өнер институтында жазушылықтан сабақ береді. 2016 жылы ол кезекті романы үшін Букер сыйлығының лауреаты атанды.