Адамның жүрісіне қарап қандай ауруы барын анықтауға бола ма?

0

Адамның жүріс-тұрысы оның мінез-құлқын ғана емес, денсаулық жағдайын да дәл анықтап береді. Оған ғалымдар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы көз жеткізген деп хабарлайды mixnews.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: colady.ru

Үйрек жүріс. Мұндай жүрісті адамдар бір аяғынан екінші аяғына құлап бара жатқандай болып көрінеді. Ол жамбастың қисаюынан, туғаннан бастап пайда болған буынның таюынан немесе ұршық буыны жұмысының нашарлауынан болуы мүмкін.

Циркуль. Тізесін бүкпей жүретін адамдардың буын сүйектері сырқырауы мүмкін. Соны ауыртып алмайын деп аяғын тік ұстап жүріп, кейін оны әдетке айналдырып алған.

Кішкентай қадамдармен жүретін жандар көбіне биік өкшелі аяқ киім киетіндер. Олардың аяқтары талып, бас бармағының сүйегі жанына қарай шығып кетеді.

Кей адамдар басын бұрмастан, сақ жүретіндей көрінеді. Ол омыртқасы ауыратын, желкесі мен иықтары талып, басы жиі мазалайтын жандар.

Жүйкенің бұзылуы

Егер адам кеудесін бүкірейтіп, денесімен аз ғана алға қарай еңкейіп, аяғын кібіртіктеп басса, ол паркинсон дертіне шалдыққан болуы әбден мүмкін.

Шамадан тыс аяқтарын жұлқып жүретін адамның жүйкесі жұқарған дейді мамандар.

Керісінше, қолдары мен денесін қимылдатпай жүретіндерішкі күйзеліске түскен болуы да мүмкін.

Ара-кідік ақсаңдап қалу — темекімен көп әуестенетіндерге тән жүріс. Олардың аяғында қан айналысы нашарлап, адам тез шаршайтын болады.

Аяқтарын сенімсіз басып, үнемі сүріне беретін және жанындағы адамға сүйеніп жүргенді жақсы көретін адамдарда ми жұмысы бұзылған. Бұл әсіресе, егде жастағы адамдарда жиі кездеседі.

Емделу тәсілдері

Психологтардың айтуынша, түрлі аурудың әсерінен болған қалыптан тыс жүріс адамның сенімділігі мен ішкі жан дүниесіне де қатты әсер етеді.

Егер жоғарыда көрсетілген жүріс түрлері дені сау адамға тән болса, оны гимнастикалық жаттығулармен түзеуге болады.

Сондықтан дәрігерге көрініп, физикалық және психологиялық жағынан да мықты болыңыз.