Адамның етінен бәліш жасап сатқандар сотталды

0
81
Адамның етінен бәліш жасап сатқандар сотталды


Адамның етінен бәліш жасап сатқан адамжегіштер 211 жылға сотталды.

Аталмыш жантүршігерлік оқиға Бразилия елінде болған. Өңірдегі университеттердің бірінің экс-профессоры Хорхе Бельтрао Негромонте де Сильвейра, оның жұбайы  Изабель Пирес  және ашынасы  Бруно Кристина Оливейро үшеуі сот үкімін тыңдады.

Олар 2012 жылы екі әйелді бақилық етті деген күдікпен ұсталған екен. Алайда тергеу нәтижесі жантүршігерлік ақиқаттың бетін ашқан.  

Кейін белгілі болғандай үш қанішер адамдарды өлтіріп қана қоймай, олардың мәйітін азық еткен.

Оқиғаның бірінде үшеуі бір жарым жасар сәбидің көзінше оның анасын өлтіріп, балаға анасының етінен тамақ жасап берген. Оқиға соңында сот үкімімен Хорхе Бельтрао Негромонте де Сильвейра 71 жылға, Изабель Пирес 71,5 жылға және  Бруно Кристина Оливейро 68 жылға бас бостандығынан айырған.

Дереккөз: reactor