Адамнның бас сүйегін тауып алған: Балық аулап жүрген Ақсу тұрғыны полиция шақырды

0
2042

Павлодар облысында Ертіс өзенінен адамның бас сүйегі табылды. Оны отбасымен бірге серуендеп жүрген ақсулық әйел анықтаған. Отбасы Ертіс өзеніне балық аулауға барған.

«Күндізгі сағат 15:00 шамасында балық ауламақшы болып, суға қармағымды салдым. Сол кезде бірнәрсе ілінгендей болды. Өзенді жағалай ілінген затты шығарсам, адамның жағы. Оны көргенде төбе шашым тік тұрды», – дейді Ольга Чиндина. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас сүйекті тапқан ол дереу полиция шақырған. Дүйсенбіде адамның денесін іздестіруге сүңгуірлер жұмылдырымақшы.

Археолог Тимур Смағұлов сүйек ежелгі қорымға көмілгендердің бірінікі болуы мүмкін дейді.

«Судың жағасындағы қорымдардың бірінен суға түсуі мүмкін. Мұндай құбылыс, әсіресе, көктемде жиі болады», – дейді ол.

Сөзінше, Ертістің бойында 15-тен астам қорым бар көрінеді.