Адамға ұқсас балық жұрттың зәресін ұшырды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Түрі адамға ұқсайтын алып балық әлеуметтік желі пайдаланушыларының үрейін ұшырды. Жұрт әлеуметтік желілерде видеомен жарыса бөлісіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша ‐ Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары түрі адамға ұқсайтын балық бейнеленген роликті талқылап жатыр.

Видео @Unexplained twitter аккаунтында жарияланыпты.

Жазба авторының айтуынша, видеоға түсіп қалған — түрі адамның келбетіне ұқсас тұқыбалық.

Бұл кадрлардан балықтың көл жағасына таяп, аузымен түрлі іс-қимыл жасағанын көруге болады. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбі, бұл бейнежазбадан үрейленгенін жасырмады.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауға барған америкалық туристердің «төбе шашы тік тұрды» – видео

Мысалы, «шайтан балық», — деп пікір жазды Тее есімді желі қолданушысы. Осындай мағынадағы пікірлер көп жарияланды.



sputniknews.kz